Салем! Менің атым Алаулик!
Жақсы уақыт өткізу үшін
Алауға келіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Назарларыңызға!

Құрметті келушілер! 2018 жылдың 3-4 ақпан күндері мұздағы спидвей бойынша Әлем чемпионатының өтуіне байланысты, 15 қаңтардан бастап жаппай сырғанау жобасы өз қызметін тоқтатады. Жаппай сырғанау 2018 жылдың 13 ақпанынан бастап жалғасады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында және "Меломан" кассаларында сатылады. "Алау" мұз айдыны сарайында билеттер жарыстарды өткізу күнінде ғана сатылады.

Ильдар Тойбергенович Садыков
Басшылығы

Жағажай волейбол

Жағажай волейболы  Калифорниядан өз бастамасын алды, 1920 жылдардың басында жағажайларда ойындарға арналған алаңдар жасалынып, бірінші командалар жинала бастады. 1996 жылдан бастап бич-волей ойыны Олимпиада ойындарының жарыстық бағдарламасында бар. 2013 жылдың жазынан бастап жағажай волейболы «Алауда» өткізіліп жатыр.

Жаңа маусымда үлкен ашық бассейннің тікелей жанында әлемдік стандарттарға сәйкес жағажай волейболға арналған алаң өз жұмысын бастады. Осы алаңда жаттықтыру сабақтарын, жарыстарды өткізуге немесе достармен уақыт өткізуге болады.

Жағажай волейболы – бұл әр  командада  екі ойыншысы бар, екі команда тормен бөлінген құмды алаңда ойнайтын спорттық ойын. Дененің кез келген мүшесімен доппен ойнауға болады. Ойынның мақсаты – тор  арқылы допты қайта қайтару, доп бәсекелестің алаң жағына тию керек және допты өз алаң  жағына түсірмеу қажет.  Қозғалмалылық, көркемдік, ойын-сауықтық және сезімдік жағажай волейболын қызықты спорт түрлерінің бірі болып жасайды. Ойынның қиын емес ережелері, қымбат жабдықтардың және құрал-саймандардың  жоқтығы,  Астана қаласының белсенді тынығу әуесқойлардың  арасында  бұл спорт түрінің  танымалдығын арттырады.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз