+7 (7172) 706-722, 706-802

Біз туралы

«Алау» - болашақ олимпиадалықтарға қызмет ету үшін ғана емес, сонымен қатар бұқаралық спорттың даму орталығы болу үшін жасалған керемет спорттық құрылыс.
Н.Назарбаев

Баршаға чемпиондар мұзайдыны!

«Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «Алау» мұзайдыны сарайы» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорыны Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі қаулысына сәйкес құрылған.

«Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әлемдік деңгейдегі мұз сарайы. Бірегей сәулетінің және орналасқан жерінің арқасында «Алау» -   Астанамыздың көз тартарлық жері және спорттық қақпасы болып табылады.

Сарайдың жүрегі – 7 462 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс  залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұратын мұзайдын.

Сарай мына спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған:

  • конки тебу спорты
  • шорт-трек
  • хоккей
  • керлинг
  • мәнерлеп сырғанау

«Алау» МС ұжымының мақсаты - жетілген техникалық құрал-жабдықтар , бірегей сәулеттік жоба, қызметкерлер кәсібилілігінің үйлесімі негізінде жетекші дүниежүзілік тегіс мұзайдындардың санатына ену.

7-ші қысқы Азия ойындарының барысында Сарай мұзайдынында 9 континенттік рекорд орнатылды. «Алау» - рекордтар ұясы деген статусқа иеленіп қана қойған жоқ, сонымен қатар коньки тебу стадиондарының дүниежүзілік рейтингінде 17-орынға ие болды ( 641 ықтималдар ішінен).

Сарай мұзайдынында ірі халықаралық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. «Алауда» БЖСМ оқушылары коньки тебу, мәнерлеп сырғанау және хоккей спорты бойынша жаттығады. Коньки тебу спорты бойынша әлем кубогы өткізілгеннен кейін жеңімпаздар айдыны әуесқойларға да қолжетімді болады – жаппай сырғанау күндері мұнда символдық құны  үшін әр қалаушы өз конькиінде тұра алады. Міндеті қысқы спорт түрлерін көпшілікке тарату және Астанада бұқаралық спорт түрін дамытуға мүмкіндік беру болып табылатын  жаппай қолжетімділіктің концепциясы да осыда.

«Алау» мұзайдыны Сарайы –бұл кәсіби спортшыларға да, әуесқойларға да спортпен айналысу үшін кешенді қызметтер ұсынатын, көпқызметті спорттық орталық.

Бүгінгі күні «Алау» дегеніміз:

  • Мұзайдын,
  • Фитнес-орталық,
  • Әмбебап спорт зал,
  • СПА –орталық,
  • 4 жұлдызды қонақ үй,
  • Мейрамхана

«Алау» Мұзайдыны сарайына спортшылардың, жанкүйерлердің, жаппай сырғанауға келушілерінің және басқа азаматтардың келу ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Алау» спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу регламенті

Cеріктестер

Привет!

Я - Алаулик, талисман Ледового дворца!
Если хочешь получать на почту информацию о скидках, специальных акциях и турнирах в «Алау», заполни поля, расположенные ниже.
Обещаю присылать только полезную информацию!

Нажимая «Отправить», вы соглашаетесь получать на свой электронный адрес рассылку ЛД «Алау»

Отправка