Салем! Менің атым Алаулик!
Жақсы уақыт өткізу үшін
Алауға келіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Назарларыңызға!

Құрметті келушілер! 2018 жылдың 3-4 ақпан күндері мұздағы спидвей бойынша Әлем чемпионатының өтуіне байланысты, 15 қаңтардан бастап жаппай сырғанау жобасы өз қызметін тоқтатады. Жаппай сырғанау 2018 жылдың 13 ақпанынан бастап жалғасады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында және "Меломан" кассаларында сатылады. "Алау" мұз айдыны сарайында билеттер жарыстарды өткізу күнінде ғана сатылады.

Ильдар Тойбергенович Садыков
Басшылығы

Архитектура

Архитектура және технология

Астананың спорт қақпасы

«Алау» қалаға кіру қақпасы. Бұл Астанаға ұшып келе жатқан әрбір адам көретін ең бірінші  ғажайып құрылыс. 
Сәулетшілерді «Алау» мұзайдыны сарайын жобалауда Қазақстан табиғаты шабыттандырды: ғимараттың қасбетіндегі жасыл элементтер - қары еріп ашылған ойдым-ойдым  көктемгі жазық дала, үш сары әкімшілік мұнара - күннің көзіне ұмтылған алғашқы бұтақтар.

Түс шешімінде үш стихия ұйғарылған Сарайдың архитектуралық тұжырымдамасының бейнесі Сарай логотипінде көрініс табады.

Жасыл түс жаңаруды, жастықты, көктемді білдіреді.
Көк түс – мұз алаңын бейнелейді - бұл біздің нысанның негізі.
Қызғылт сары, алау түсі – бұл біздің нысанның атауы. «Алау» - от – көшпенділердің адал серігі.
Қызғылт сары – бұл әрекеттің, жігерліліктің және бостандықтың түсі. Қызғылт сары түстің басты мағынасы және белгісі: әрекет, жылдамдық, ырғақтық, өмірге құштарлық.

Бұл стихиялардың бірігуі біз үшін – қуат көзі. Осы тіркесімнің арқасында біз «жалынды мұзға» ие боламыз.

«Алау» - рекорд үшін арналған стадион.

Конки тебу стадионының жобасы - бұл жай ғана әдемі көріністі ғимарат емес.
Мұзайдынның жылдам өндірісі  жетілген техникалық құрал-жабдықтар, бірегей сәулеттік жоба, қызметкерлер кәсібилілігінің үйлесімі негізінде мүмкін болды.

Мұз ахуалын және климатын бақылау тұрғысынан қарағанда әлемде «Алаудың» теңдесі жоқ. Біздегі бар жағдайлар ең жылдам мұз қалыптастыру үшін ауа температурасының және ылғалдылықтың тиімді параметрлерін іздеуге мүмкіндік береді. Мұз үстінің температурасын өлшеу арқылы 400 метрлік жолақтағы температураның айырмашылығы 1 градустан аспайтыны белгілі болды.

Шатыр мен төбенің ерекше құрылысы есебінен біздің аренада мұзға энергетикалық күш түсіру мен жылу ықпалы аз болып табылады. Жабын формасы бойынша орталыққа ойысқан, бұл әуе лебін бақылауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, жоғары қарай көтерілген жылы ауа көрермен мінбелерін мұзайдыннан бөліп тұрады. Әуе тасқындарының көрінбейтін дуалы айдынның өзінде ауа температурасын бақылауға ерекше мүмкіндік береді.

Осы жүйенің арқасында көрермендерге өз орындарында жайлы болады. Сонымен қатар мінбеден бірнеше метр қашықтықтағы мұзайдында мүлдем басқа микроклимат орын алады. Жылы қабырға тағы бір аса маңызды рөлді орындайды,- ол көрермендердің аяқ киімдерінен, сыртқы киімдерінен келетін шаңдардың бір бөлігін ұстап қалады. Бұл адам көзіне көрінер-көрінбес жай болуы мүмкін, бірақ мұз сапасында өте зиянды.Осы себептен де жаңа ғана салынған көптеген коньки тебу стадиондары өздерінің алғашқы жылдардағы жұмыстарында нақты нәтижелер бере алмай жатады. Ал «Алаудың»  бірінші күндердің өзінде рекордтарға жетіп жатқаны, - Сарайдың әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді. Әрбір жарыс соңында жабдықтар  дәлме-дәл күйге келтіріліп, сапасы арттырылады, құрылыс шаңдары жойылып, су тазартудың ыңғайлы параметрлері сұрыпталады. Сондықтан да, Азия ойындары кезіндегі 9 континенттік рекорд, мамандардың айтуынша, асар асулардың шегі емес.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз