Салем! Менің атым Алаулик!
Жақсы уақыт өткізу үшін
Алауға келіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Назарларыңызға!

Құрметті келушілер! 2018 жылдың 3-4 ақпан күндері мұздағы спидвей бойынша Әлем чемпионатының өтуіне байланысты, 15 қаңтардан бастап жаппай сырғанау жобасы өз қызметін тоқтатады. Жаппай сырғанау 2018 жылдың 13 ақпанынан бастап жалғасады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында және "Меломан" кассаларында сатылады. "Алау" мұз айдыны сарайында билеттер жарыстарды өткізу күнінде ғана сатылады.

Ильдар Тойбергенович Садыков
Басшылығы

Оқу жиындары

Оқу-жаттығу жиындары

Жоғары жетістікті спорт дегеніміз –біріншіден, іске деген кәсіби қатынас. «Алау» оқу-жаттығу жиындарын Азияның алдыңғы қатарлы мұзайдындарының бірінде өткізуді ұсынады. Спорттың түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарын және жарыстар өткізу үшін қажетті  жағдайлар жасауда (тұратын орны, тамағы, спорттық базасы)  біздің жиған тәжрибеміз өте мол.

«Алау» мұзайдыны сарайы – бірінші кезекте, коньки тебу спорт түрі бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін өте қолайлы алаң. Кешеннің шыңдалған инфоқұрылымы спортшыларға  нәтиженің жемісті болуы үшін толық ынтасымен кірісуге мүмкіндік береді. Басқасының бәрін біз қамдап қойдық.

Бүгінгі күні «Алаудың» хоккей командаларының, шорт-трек және коньки тебу бойынша ұлттық құрама командалардың жиындарын өткізуде тәжрибесі бар.Сарайдың айдынына, сонымен қатар,  ірі халықаралық мәре алдында қай жерге  қатысса, сол жерде жаттығуды дұрыс көретін шет елдік спортшылар келуге тырысады.

 «Алау» МС ең жоғарғы деңгейдегі спортшылардың жаттығулары  нақты барлық жыл мезгілінде  өткізілуі мүмкін. Сапалы жаттығу үрдісі үшін «Алауда» мейілінше ыңғайлы жағдайлар жасалған:

Біз ұсынамыз:

1. Әлемнің жетекші мамандарымен жобаланған және ең жақсы жабдықтармен жабдықталған мұз айдынын:

  • Коньки тебушілерге арналған 400 метрлік жол.
  • Хоккей корты (60х30м).
  • Жұмсақ борттары бар мәнерлеп сырғанау және шорт-трекке арналған корттар.
  • Айдын ішінде атлетикалық кростар мен шағын жаттығу үшін тондырмайтын аймақ.конькидің барлық түрін және қосымша мүлікті жалға беру.
  • Киімді сақтауға арналған локерлері бар командалық және жеке киім ауыстыратын және жуыну бөлмелері.
  • Мәнерлеп сырғанау сабақтарына арналған хореографиялық зал.

2. 85 орынды қонақ үй. Әр номерде:

  • Спутникті TB бар ЖК- телевизорлар,
  • телефон
  • тоңазытқыш,
  • кондиционер,
  • сымсыз Wi-FI байланыс –интернеті.

3. Сапалы және толымды тамақтану.
Біз график және жаттығулардың қарқындылығына қарай тамақтану уақытын және мәзірін келісе отырып, кешенді тамақтануды қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар  «Алау» қонақтары кешенде орналасқан 150 орындық мейрамхана қызметтерін пайдалана алады.

Фитнес-орталық қызметтері:

  • Мини-футбол, гандбол, волейбол және баскетбол бойынша жаттығулар өткізу үшін арналған әмбебап спорт залы.
  • Алдыңғы қатарлы тренажерлармен жабдықталған кардио және күш жинау залы.
  • Сонымен қатар фитнес-орталықта сауна, фитнес және йога залы.
  • Фитнес- орталықта стандартты жабдықтардан басқа, коньки тебушілерге арналған арнайы тренажерлер, спорттық вело-тренажерлер және басқалары бар.
  • Жаз мезгілінде спорт дұғыларын жалға береміз. «Алау» МС жанында қауіпсіз дұғы айдау үшін сапалы қапталған және кеңжиекті тас жол өтеді.

Спортшыларды «Алау» мұзайдыны сарайына  оқу-жаттығу жиындарына шақыра отырып, біз,  сіздерді, Азия континентінің ғажайып қалаларынаң біріне шақырамыз. Қазақстан Республикасының астанасы –Астанаға.

Сарай Астана инфоқұрылымына  үйлесе  кіреді. Сарай шегінен асатын қызметтердің бір топ кешені «Алаудың» артықшылығы  сонда,-  ол бойына Астанада бар позитивтің барлығын  жинақтаған.  Астананың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, Мұзайдыны сарайы спортшыларға заманауи әуежай, жетілген көлік магистралдарын, мәдени ошақтар және жасыл қала ұсына алады. Бұның бәрі спортшылар үшін маңызды.  Сол себептен де әлемдегі ең керемет айдын атағына күресе отырып, біз Сарай  шегін қала мүмкіндіктерінің шегіне дейін жеткізудеміз. 

Астана – Азияның спорт орталықтарының бірі. Бұл  біздің  Сарайдың басты  әлеуеті.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз