Салем! Менің атым Алаулик!
Жақсы уақыт өткізу үшін
Алауға келіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Назарларыңызға!

Құрметті келушілер! 2018 жылдың 3-4 ақпан күндері мұздағы спидвей бойынша Әлем чемпионатының өтуіне байланысты, 15 қаңтардан бастап жаппай сырғанау жобасы өз қызметін тоқтатады. Жаппай сырғанау 2018 жылдың 13 ақпанынан бастап жалғасады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында және "Меломан" кассаларында сатылады. "Алау" мұз айдыны сарайында билеттер жарыстарды өткізу күнінде ғана сатылады.

Ильдар Тойбергенович Садыков
Басшылығы

Спорт түрлері

Коньки тебу спорты ( конькимен жылдамдыққа жүгіру— ағыл. SpeedSkating) – мұзайдыны стадионында 400 метрлік тұйықталған шеңбер бойынша белгілі бір қашықтықты мейілінше жылдам бағындыру қажеттілігі бар  спорт түрі. Жылдамдыққа жүгіргенде арнайы жүгіру конькилері қолданылады.

Шорт-трек (ағылш. short track – қысқа жол), хоккей алаңының ішінде жарыс қашықтығын максималды жылдам бағындыруға бағытталған конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Спортшының киімі дулығадан, қолғаптан, тізеге және балтырға киілетін сауыттан тұрады.

Бұл негізі мұз үстінде әуен ырғағына сәйкес жалғыз және серіктесінің демеуі арқылы айналу, секіру, адымдарды және фигура суреттерін үйлестіре, сырғанау бағыттарын өзгерте отырып спортшының қозғалу қимылдары болып табылатын спорт түрінің бірі.

Заманауи шайбамен хоккей спорттық ойын ретінде Канадада рәсімделді. Алғашында хоккейді  шайбамен емес, ауыр  доппен («шинни») ойнаған. Кингстондық даңқты хоккей залындағы жазбада: «Британдық солдаттар 1843 жылы Кингстон портында шинни ойнады», - деп жазылды.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз