Салем! Менің атым Алаулик!
Жақсы уақыт өткізу үшін
Алауға келіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Назарларыңызға!

Құрметті келушілер! 2018 жылдың 3-4 ақпан күндері мұздағы спидвей бойынша Әлем чемпионатының өтуіне байланысты, 15 қаңтардан бастап жаппай сырғанау жобасы өз қызметін тоқтатады. Жаппай сырғанау 2018 жылдың 13 ақпанынан бастап жалғасады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында және "Меломан" кассаларында сатылады. "Алау" мұз айдыны сарайында билеттер жарыстарды өткізу күнінде ғана сатылады.

Ильдар Тойбергенович Садыков
Басшылығы

Тарихы

«Алау» - жаңа рекордтар ұясы.

Азия ойындары Қазақстанға үш керемет нысан тарту етті. «Алау» мұз сарайы – солардың  бірі. «Алау» Одаққа және шет елдерге рекордтар ұясы ретінде танымал болған «Медеу» абыройына ие бола ала ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін неге Астанада жаңа коньки тебу стадионын салу қажеттілігі болғанын түсініп алу керек.

Биікшыңды спорт кешенінің, яғни «Медеудің», тағдыры мұзайдын 40 жылдық мерейтойын арқалаған шағында шешіліп жатты. Өкінішке орай, бұл кезде оның техникалық ахуалы да мәз емес еді. «Медеудің» баяғы кездердегі жетістіктерімен мақтанып, әлемдегі рекордтар ұясы болған статусын дәлелдеуге шамасы келмеді.   Спорттық технологиялар әлдеқашан алға кетекен еді, ал «Медеу» әлем айдындарының жүйесінде ардагер болып қалды.

Аңызға айналған «Медеу» БСК  техникалық тұрғыдан ескіріп қана қоймай, халықаралық стандарттарға да жауап бере алмады. Ал коньки тебу спорты бойынша жарыстар өткізудің  талаптары өзгерген еді. Коньки тебушілердің жарыстары таулы кешендердің айдындарында сияқты тегіс мұз айдындарда да өткізіле береді, тек айдын жабық болуы тиіс. Бұған қоса, спортшыларға тең жағдайлар жасалынған болуы керек, бұл ашық айдындарда мүмкін емес.

2011 жылғы Азия ойындарының алдында бір дұрыс шешім қабылданды. «Медеуде» жаңалау құрылыстары жүргізіліп, Астанада жабық коньки тебу стадионы салынды. «Алау» мұзайдыны сарайының құрылысы 2007 жылы басталып, төрт жылға созылды. Жұмысты «Сембол» түрік компаниясы  жүргізді.

Бәрі өз орнына орнықты. Мемлекетіміз енді екі стадионға ие болды. «Медеу» - ортатаулы жағдайда оқу-жаттығу жиылыстарын өткізудің таптырмас орны. Ал Астаналық мұзайдын – жарыстарды ең жоғарғы дәрежеде, ең жылдам мұзда өткізу үшін арналған заманауи құрылыс  болып табылады.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз