Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Спорт түрлері

Коньки тебу спорты (конькимен жылдамдыққа жүгіру— ағыл. SpeedSkating) – мұзайдыны стадионында 400 метрлік тұйықталған шеңбер бойынша белгілі бір қашықтықты мейілінше жылдам бағындыру қажеттілігі бар  спорт түрі. Жылдамдыққа жүгіргенде арнайы жүгіру конькилері қолданылады.

Шорт-трек (ағылш. short track – қысқа жол), хоккей алаңының ішінде жарыс қашықтығын максималды жылдам бағындыруға бағытталған конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Спортшының киімі дулығадан, қолғаптан, тізеге және балтырға киілетін сауыттан тұрады.

Мәнерлеп сырғанау - бұл негізі мұз үстінде әуен ырғағына сәйкес жалғыз және серіктесінің демеуі арқылы айналу, секіру, адымдарды және фигура суреттерін үйлестіре, сырғанау бағыттарын өзгерте отырып спортшының қозғалу қимылдары болып табылатын спорт түрінің бірі.

Заманауи шайбамен хоккей спорттық ойын ретінде Канадада рәсімделді. Алғашында хоккейді  шайбамен емес, ауыр  доппен («шинни») ойнаған. Кингстондық даңқты хоккей залындағы жазбада: «Британдық солдаттар 1843 жылы Кингстон портында шинни ойнады», - деп жазылды.

Кёрлинг (шотл. curling – айналу, бұралу) – бұл мұзайдыны үстінде өтетін командалық спорт түрі, онда екі команда қатысушылары кезек-кезекпен салмағы шамамен 20 килограмдық граниттан жасалған арнайы тасты алдыда орналасқан нысанға жібереді.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу