Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Фитнес

Фитнес — қазіргі қоғам адамының ажырамас бір бөлшегі, дененің саулығын және жанның сергектігін сақтаудың тамаша тәсілі. 

Біздің клубта әрбір адам өзіне қажеттіні табады. «Алау» фитнес клубы әртүрлі  тиімді  ұсыныстар мен корпоративтік және жеке клиенттерге, отбасы мүшелеріне  қолайлы баға  ұсынады. 

Біз Сіздерге клубқа келу шарты бойынша клуб картасы бағасының оңтайлы нұсқасын таңдауға көмектесеміз, сондай-ақ төлем формасы және түрі бойынша кеңес береміз. 

Біз сіздерге фитнес сабақтарын  үйрену үшін өз қызметімізді көрсетуге  әрқашан дайынбыз. Бізде : тамаша заманауи жабдық,  жайлы атмосфера, клубтың барлық ғимараттарының заманауи интерьері,  қауіпсіздік, қызметкерлердің кәсібилігі және ерекше қызмет көрсету үлгісі қамтамасыз етілген.

Қызметтер түрлері: 

  • тренажерлік зал, жеке тренинг;
  • кесте бойынша аптасына топтық бағдарламалардың 40 сағаты;
  • үстел теннисі, Out-door бағдарламалары;
  • спорттық тағамдану;
  • футбол алаңын жалға алу;
  • бір тұлға жылдық абонементінің құны — 150 000 теңге; корпоративті клуб карталары: 5 адамнан — 110 000 теңге, 20 адамнан — 100 000 теңге. Төлем 3 траншпен жүргізілуі мүмкін. 

Біз жұмыс күндері 07:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейміз.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу