Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Нұсқаулық

Кассаға кезекке тұрмау үшін назарларыңызға 5 қарапайым қадам ұсынамыз

Техникалық ілгерілеу орнында тұрмайды, инновация саны болса күн сайын көбейуде, сол себепті өткен жылы біздің мекеме жаппай сырғанауға онлайн билет сатып алу жүйесін енгізді.

Кассаға кезекке тұрмау үшін сіздерге бірнеше қарапайым қадамдарды ұсынамыз.

1-ші қадам. www.alau.info сайтына кіріп «Билет сатып алу» тетігін басыңыз. Билетті ұялы телефоныңыздан немесе дербес құрылғаңыздан да (компьютер) сатып ала аласыз.

2-ші қадам. «Билет сатып алу» тетігін басқаннан кейін сеанс уақытын таңдауға болатын ашылмалы мәзір пайда болады. Мысалы, сіз демалыс күні сағат 15:00 мен 17:00 аралығында өтетін сеансты таңдадыңыз, содан кейін оң жақтағы бұрышта «Кейін» деген тетікті басасыз.

3-ші қадам. Билет саны мен категориясын таңдағаннан кейін дәл осы жерде сеансқа кіру құнын көресіз. Барлық сеансқа деген жеңілдік билет құны 560 теңге, ал толық билет құны сеанс уақытына байланыста 1120 немесе 1680 теңге болады. Мысалы, сіз үлкен адамдарға деп 2 билет және балалрға деп 2 билет таңдадыңыз. Экранның оң жағында қорытынды сомма көрсетілетін болады. Мысалға сәйкес билеттер құны 4480 теңге. Таңдау жасағаннан кейін оң жақ бұрыштағы «Кейін» тетігін басыңыз.

4-ші қадам. Жеке мәліметтерді көрсету қажет. Мәліметтер бөтен біреулердің қолына түседі деп ойламаңыздар. Мәліметтердің барлығы жеке кабинет ашу үшін ғана қажет, себебі кабинетсіз билетті онлайн сатып алу мүмкін болмайды. Оған қоса, сатып алған билетіңіз сіздің электрондық поштаңызға келеді.

Бос орындарды (аты-жөнінізді, электрондық поштаңызды, телефон нөміріңізді) толтырасыз және «Кейін» тетігін басасыз. 

Соңғы да шешуші 5-ші қадам.

Мұнда өз төлем картаңыздың мәліметтерін көрсетесіз. Назар аударатын жайт, картаңыз интернет-банкинг қызметінде жұмыс істеуі қолжетімді болу керек, оған қоса картаңызда билет құнын толықтай төлеуге жетерлік сомма жату керек. Олай болмаған жағдайда банк сіздің операцияңызды орындамайды.

Мәліметтер толтырылғаннан кейін төлемді растау үшін жаңа парақша ашылады. Қай банк клиенті екеніңізге байланыста парақша да әр түрлі болады. Мысалы, Halyk немесе Kazkom банкі болса картаңызға байланған телефон нөміріңізге SMS коды жіберіледі. Дәл сол код төлемді растау үшін қолданылу керек. 

Барлық қадамдарды сәтті аяқтағаннан кейін электрондық поштаңызға сатып алған билет немесе билеттер хат ретінде келеді. Айта кетерлік жайт, біздің билет тексерушілерімізге билеттегі штрих-кодты смартфондарыңыз арқылы көрсетсеңіздер де жеткілікті.

жүктеу PDF/docx

Демалысыңыз жақсы өтсін! Сізді «Алауда» күтеміз!

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу