Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Мұзайдынды жалға беру

«Алау» МС хоккей командаларына мұз дайындықтары бойынша жаттығу матчтарын және сабақтарын өткізу үшін мұзайдынды жалға беру қызметін ұсынады.

Хоккей корты А блоктағы  мұзайдынның ортасында орналасқан.  Стандартты көлемде (61х30м) салынған корт ресми матчтар өткізу үшін барлық талаптарға толық жауап береді.

Біз кепілдік береміз:
- мұз үстінде ойыншыға да, шайбаға да жылдам сырғанауға мүмкіндік беретін қатты және «жылдам» - керемет мұз.
- жайлы микроклимат:  мұз үсті ауа температурасы -5 С, ауа температурасы +17 С, ылғалдылық 44%.
- жаңа, ыңғайлы киім ауыстыру бөлмелері
- ыңғайлы көлік қою орындары.

Жалға алу бағасының ішіне кіреді:
1. Дарбаза
2. Хоккей белгісі
3. Қорғаныс торы
4. Жуыну бөлмелері
5. 25 адамдық киім ауыстыру бөлмелері

Қосымша қызметтер:
1. Жаттығу барысында қосымша мұз құю
2. Команда басшылары үшін арнайы киім ауыстыру бөлмелері
3. Киім ауыстыру және жуыну бөлмелерін қосымша жалға беру
4. Конькиді қайрау және жөндеу бойынша шеберхана қызметтері

Сонымен қатар «Алау» МС басты  холында конькиден шайбаға дейінгі - сапалы хоккей мүліктерін иеленуге мүмкіндік беретін спорт тауарларының фирмалық дүкені орналасқан.

Хоккей командаларына «Алау» фитнес-орталығының қызметтерін пайдалануды ұсынамыз. Мұнда әмбебап спорт залдарында «құрғақ» жаттығулармен, ал тренажер залында күш жұмсау жаттығуларымен айналысуға болады.

Сонымен қатар әуесқойлар командаларының арасында кіші-турнир және серіктестік матчтарын өткізу үшін мұзды және жетекші құрылымдарды жалға беру мүмкіндігін қарастырамыз.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу