Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

22 наурыз 2018 «Алау» мұзайдыны сарайында Наурыз мейрамы өтті

Наурыз айынын 22-де «Алауда» Наурыз мерекесі өтті.

Мұзайдында өткізілген іс-шарада қонақтардың көпшілігі ұлттық ойындарға қатысты. Сол арқылы əрбір жанның халық дәстүрлері туралы көбірек білуге мүмкіндігі болды.

Аренаның ортасында ұлттық нақышта безендірілген киіз үй орналасты. Əрбір келген мейман тегін таратылған бауырсақ, қымыз және Наурыз көжеден дəм ауыз тиді. Оған қоса “Тұсау Кесер” салтының куәгерлері болды.

Киіз үйдің жанында балаларға ғана емес, ересектерге арналған ойын-сауыққа толы қызықтың бірі болған «Алтыбақан». Оны тебуге тілек білдіргендер саны көп болды.

Ұлттық ойындар да біздің қонақтарымызды қуантты. Ең үлкен қызығушылықты туғызған «Мұзды боулинг». Онда кез-келген адам қызығушылығын танытып, алдындағы нысандардың барлығын соққан жағдайда тәтті жүлде ұтып ала алды.

«Мұзды Қыз қуу» барлық жас адамдарға ұнасада, бірақ өкінішке орай ешкім қыздарды қуып жете алмады. Алайда мойындауымыз керек, біздің жігіттер қолынан келгеннің бәрін істеді. Ал «Бəйге» және «Арқан Тарту» жарыстарында біздің елордалық жігіттер өздерінің барлық күштерін көрсетті алды толық сеніммен айтамыз.

Сондай-ақ барлық келушілерге арналған əуесқой хоккей матчы өткізілді. Ол жас жігіттердің көңілінен шықса, қыздар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу