Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Хоккей

Заманауи шайбамен хоккей спорттық ойын ретінде Канадада рәсімделді. Алғашында хоккейді  шайбамен емес, ауыр  доппен («шинни») ойнаған. Кингстондық даңқты хоккей залындағы жазбада: «Британдық солдаттар 1843 жылы Кингстон портында шинни ойнады», - деп жазылды.

1879 жылы канадалық У.Ф. Робертсон алғаш рет ойынға резеңке шайбаны қолдануды ұсынып, хоккейдің ережелерін қалыптастырды. 1885 жылы Монреалда хоккей әуесқойлар ассоциациясының негізі қаланды.

1893 жылы Канада генерал-губернаторы Фредерик Артур лорд Стэнли оф Престон «Доминион ең мықты хоккей командасына » ауыспалы сыйлық – күміс сауытты сыйға тартты. Стэнли Кубогының бірінші иегері Канада чемпионы «Монреаль ААА» клубы болды.
1920 жылы бірінші әлем чемпионатында солтүстік америкалықтар мен еуропалықтар кездесті. Басым артықшылықпен канадалықтар жеңіс тапты.  Канадалықтар бұдан да аса басымдылықты 1924 жылы біржола бірінші олемпиадалық турнир болған екінші әлем чемпионатында көрсетті.

Соңғы жылдары хоккей  әйелдер арасындағы жарыстармен толықтырылып жүр. Бұл түр қысқы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына Наганода 1998 жылы енгізілді.

Астананың жаңа тарихында хоккейдің дамуы жаңа спорт алаңдарының пайда болуымен тығыз байланысты.  2002  жылғы наурыз айында астанада «Қазақстан» спорт сарайы ашылды.Осы жылы Астанада спорт ойындарының түрлері бойынша Астана қаласының Білім департаментінің қармағында БЖСМ ашылды, кейін ол «Барыс» ХК МКҚК атауына өзгертілді. Қалада  Континенттік хоккей лигасына қатысушы «Барыс» кәсіби хоккей клубы пайда болуымен хоккейдің даңқы көп ілгеріледі. Бүгінгі күні бұл спорт түрінен даңқы бойынша және 7-і қысқы Азия ойындарына байланысты спорт инфоқұрылым нысандарының құрылысы шеңберінде, Астанада барлық жас шамасындағы балалар командаларының жаттығу  үрдісін толық қамтамасыз ету  үшін пайда болған мұзайдын алаңдарының саны жеткілікті.

«Алау» МС хоккей корты мұз алаңының нақ ортасында А блокта  орналасқан. Стандартты көлемде (61х30м) салынған корт ресми матчтар өткізу үшін барлық талаптарға толық жауап береді.

Жаттығушы спортшылардың жайлылығы үшін Мұзайдын сарайында хоккейшілердің қажеттіліктеріне жауап беретін киім ауыстыратын бөлмелер, дәмхана, ыңғайлы паркинг жабдықталған.

Ал балалармен бірге жаттығуға келген ата-аналар үшін біз, Сарайдағы уақыттарыңызды тек қана қызықты емес, сонымен қатар пайдалы өткізу үшін қызметтердің бір топ кешенін қарастырдық.

Сонымен қатар сіздер спорт тауарларының мамандандырылған дүкенінің  және фитнес-орталық, SPA – салон қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.

«Алауда» жас хоккейші жеткіншектерді дайындау жұмыстарын Астана қаласы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК жүргізеді.

Балаларды хоккей клубына жазуға байланысты барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыздар.

Адрес: Астана қ, Мұнайтпасов көш, 9, «Қазақстан» СК

Тел: 57-84-53

Сайт - hockeyschool10.kz

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу