09 қазан 2019 «Алау» мұзайдыны сарайында 2019-2020 жылғы жаппай сырғанау маусымының ашылу салтанаты
12 қазанда сағат 15: 00-де (3 сеанс) «Алау» мұзайдыны сарайында жаңа Жаппай сырғанау маусымының ресми ашылу салтанаты болады.
Мерекелік ашылу салтанатында келушілерді ерекше энергия, ең мықты мұзайдыны және мерекелік концерттік бағдарлама күтіп тұр. Концерт барысында Ринат Мальцагов, Айнур Абдиева, SAZ тобі және DOM Many Show тобі сынды жарқын жұлдыздар өнер көрсетеді.
Сондай-ақ «Астана» футбол клубы мен аты аңызға айналған Манчестер Юнайтед ФК арасында өтетін «жыл матчына» келушілер арасында арнайы ұтыс ойыны ойнатылып, билеттер сыйланады.
Бұл күннің ең құрметті қонақтарының бірі бүлдіршіндеріміз үшін 1 және 2 сеанста арнайы шақырылған аниматорлар балалардың көңілін көтеретін болады. Ал 4 және 5 сеанста Dj Fara музыкасын сыйға тартады.
Билеттермен қоса көптеген сыйлықтарға арналған ұтыс ойыны 12 қазан күні 3 сеанста ойнатылады.
Жаңа маусымда біз келушілеріміз үшін 1000-нан астам жаңа коньки алып, арнайы көмекші жабдықтардың түр-түрімен сарайымызды жаңарттық. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап alau.info сайтында онлайн-билеттер жұмыс істейді.
Жаңа маусымда Жаппай сырғанау кестесі өзгерген жоқ.
Жұмыс күндері - 1 сеанс
19:00 - 22:00
Демалыс және мереке күндері - 5 сеанс:
- 9:00 – 11:00
- 12:00 – 14:00
- 15:00 – 17:00
- 18:00 – 20:00
- 21:00 – 23:00
Толық ақпарат alau.info сайтымызда және @alauicepalace инстаграм парақшамызда қол жетімді.
«Алау» мұзайдыны сарайының есігі сіздер үшін ашық.
Келіңіздер! Күтеміз!
