Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

06 сәуір 2018 «Алаулик-2018» коньки тебу спортынан өткен Біріншілік

"Алауда" өткізілген "Алаулик-2018" конькимен жүгіру жарыстары мәресіне жетті. Бұл Астана қаласының №2 МБЖСМ оқушылары арасында өткізілетін жыл сайынғы жарыстар. Осы жылы біріншілік 5-6 сәуір күндері аралығында өткізілді.

Аталған мектеп тәрбиеленушілері үшін бұл сайыс коньки тебу маусымын тамаша аяқтау мүмкіндігі.

Жүлделі орындарға жету үшін 100, 300 және 500 метр қашықтықтарда 70-тен астам жас спортшылар қатысты.

Екі қашықтықтың, яғни 100 және 300 метр нәтижесі бойынша үздік болған Екатерина Шабасова (50.46). Екінші болып мәреге Элина Баширова (54.09) келді. Үшінші үздік нәтижені Томирис Ильясова (54.84) көрсетті.

Ұлдар арасында 100 және 300 метр қашықтықтарының сомасы бойынша құрмет тұғырына көтерілгендер:

Тимур Айтбаев (46.17) - I орын;

Санжар Дүйсембек (47.33) - ІІ орын;

Руслан Жанадилов (48.31) - III орын.

300 және 500 метр қашықтықтарының ұпай сандары бойынша ұлдар арасында Данил Салов (81.00) жеңімпаз атанды. Екінші болып кестеде орналасқан Ғалымжан Төлешов (87.44). Үшінші орында Мирас Абельдин (92.69).

Жарыстың соңғы күні спортшылар медаль үшін масс-стартта шайқасқа түсті.

Масс-старт қорытындысы бойынша кіші жастағы қыздар арасында жалпы есепте бірінші болған Алина Дауранова. Нұрай Райхан күміс орынды иеленді. Қола жүлдегер - Дарья Гаврилова.

Данила Борисенко жасөспірімдер арасындағы 3200 метр масс-старта жылдам келді. Азамат Сатқожа екінші болды. Мирас Әлімхан қола жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы 4000 метр масс-старт жеңімпаздары:

Нұралы Ақжол - І орын;

Әмірхан Бейбарыс - II орын;

Тимур Муслимханов - ІІІ орын.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу