Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

30 наурыз 2018 Конькимен жүгіру маусымы жоғарғы нәтижелермен аяқталды

2018 жылдың 28-29 наурыз күндері «Алау» Мұзайдыны сарайында коньки тебу спортының көпсайысынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Республиканың 8 облысынан барлығы 98 спортшы қатысты.

Қарағандылық Анна Шпакова жеңіс төріне Шығыс Қазақстандық екі юниоркамен көтерілді:

Яковлева Ксения (ШҚО)  алтын,

Шпакова Анна (Қарағанды)күміс,

Завгороднева Дарья (ШҚО)  қола.

Юниорлар арасындағы жеңіс медальдары келесі түрде бөлінді:

Мухамадеев Анвар (Алматы)  алтын,

Зарецкий Вячеслав (Петропавл)  күміс,

Галиев Артур (Астана)  қола.

Қызыл күреске куәгер болу мүмкіншілігі үлкендер арасындағы жарыста пайда болды. Қатаң бәсекелестік және маусымның соңында жарқын нүкте қою тілегі өз үлесін қосты.

Иван Аржаников, әдетте, 1 500 метр қашықтыққа ғана қатысатын, ал осы жолы 10 000 метр қашықтықты артқа тастап өзінің жеке рекордын орнатты (14:29,97). Және де бұл спортшының екі күн бұрын ғана Беларуссиядағы студенттер арасындағы әлем біріншілігінде қанжығасына алтын медальды байлап келгені қарамастан.

Осы жолыда Екатерина Айдова әйелдер арасында өзінің жеңімпаз екен көрсетті. Сокирко Татьяна екінші орынға табан тіксе, Чадова Валерия  үшінші болып келді.

Ерлер арасында жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

Иван Аржаников (Петропавл)  алтын,

Дмитрий Морозов (Астана)  күміс,

Демьян Гаврилов (Астана)  қола.

Үш спортшы Минск қаласындағы әлем чеспионатында жеңімпаздар атанып, осы жылғы маусымды жақсы нәтижемен аяқтауда.

Коньки тебудін жаңа маусымы осы жылдың қазан айында басталады.

Жазғы демалыста спортшыларымыз жақсы демалып, күш-қайраттарын жинап, жаңа маусымды жеке рекордтарымен, оған қоса Қазақстан және әлемдік рекордтарымен байытады деген үміттеміз

Қазақстанның конькишілер 2017-2018 жж. маусымының жабылуымен құттықтаймыз!

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу