Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

19 наурыз 2018 200-ден астам конькишілер ҚР Чемпионатына қатысты

ҚР Чемпионаты коньки тебу спорты бойынша кіші, орта және улкен жастағы балалар арасында өтті.

2018 жылдың 15-16 наурыз күндері аралығында "Алау" Мұзайдыны сарайында Қазақстан Республикасының ұлдар мен қыздар арасында кіші, орта және үлкен жастағы коньки тебу Чемпионаты өтті.  

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 200-ден астам спортшылар қатысты. Айналымдардың барлығы алты қашықтықтан өткізілді: 300, 500, 1000, 1500, 3000 және 5000 метр.

300 және 500 метр қашықтықтағы айналамның қорытындысы бойынша қыздар арасында алтын медальді Алматылық Баслерова Ева жеңіп алды. Есмагамбетова Каринаға күміс бұйырды, ал қола медальді Курдыбайло Алина алды.

Ұлдар арасында осы қашықтықта жеңімпаз атанғандар:

Алтын – Радочин Валерий,

Күміс – Дюсимбек Санжар,

Қола – Жанадилов Руслан.

Кіші жастағы қыздар арасындағы айналымда ең жақсы көрсеткіш көрсеткендер: Гаврилова Дарья, Искужинова Аружан және Коваленко Карина, тиісінше алтын, күміс және қола жүлделерін иегерленген.

Ұлдар арасында жеңіс тұғырына көтерілгендер: Семенов Андрей, Бичурин Дмитрий және Жакупов Ермек.

Орта жастағы қыздар арасында ең үздік болып танылған спортшылар:

1 орын – Дауранова Алина,

2 орын – Саитгареева Александра,

3 орын – Беркхайм Елизавета.

Жасөспірімдер арасында ең үздік нәтиже көрсеткен Нұралы Ақжол, Әмірхан Бейбарыс және Зуев Андрей алтын, күміс және қола жүлдегерлері атанды.

Үлкен жастағы қыздар арасындағы айналымда жүлделі орындарға ие болғандар: Завгороднева Дарья, Шпакова Анна, Никитина Екатерина.

Ұлдар арасындағы айналымда алтын медаль иегері болған - Зарецкий Вячеслав, күміс - Семенко Владислав, қола - Добровольский Владислав.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу