+7 (7172) 706-722, 706-802

Жаңалықтар

Ертең «Алауда» конькимен жаппай сырғанау маусымы басталады

29.09.2017

«Алауда» қысқы маусымға дайындық қызу жүруде. 2017 жылдың 30 қыркүйегінде сарай жаппай сырғанау әуесқойлары үшін есігін айқара ашады.

Ресми ашылу салтанаты сенбі күні сағат 12:00-де өтеді. Келушілерге пиньята мен қызықты сайыстар зор қуаныш пен керемет көңіл-күй сыйлайды.

Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар мен студенттер және зейнеткерлер үшін кіру бағасы кез келген сеансқа 500 теңгеге дейін арзандатылған. Бұдан бөлек, 7 жасқа дейінгі балаларға, көпбалалы отбасыдан шыққан  балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, I және II топтағы мүгедектер үшін кіру тегін.

Жаппай сырғанау алты күндік режімде өтеді: жұмыс күндеріне үш сағаттық бір сеанс 19:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күніне - 5 сеанс жоспарланған. Дүйсенбі - техникалық демалыс күні.

Жаппай сырғанауға жабық 400 метрлік мұз жолы мен 2 хоккей алаңы қарастырылған.

Қосымша ақпаратты www.alau.info сайтынан біле аласыздар.

Cеріктестер

Привет!

Я - Алаулик, талисман Ледового дворца!
Если хочешь получать на почту информацию о скидках, специальных акциях и турнирах в «Алау», заполни поля, расположенные ниже.
Обещаю присылать только полезную информацию!

Нажимая «Отправить», вы соглашаетесь получать на свой электронный адрес рассылку ЛД «Алау»

Отправка