+7 (7172) 706-722, 706-802

Жаңалықтар

«Алау» мұз сарайында қысқы маусымға дайындық қызу жүруде.

25.09.2017

30 қыркүйек «Алауда» конькиде жаппайсырғанау маусымы басталады

400 метрлік жолға, хоккей кортына мұз қатыру процессі озық технология мен жоғары сапалы материалдарды қолдану арқылы жүргізіліп жатыр. Аренаға «Алау» логотипі мен мұз айдынының тұмары Алаулика суреті әр бермек.

Мұздың жалпы аумағы - 9200 м², мұндай ауқымды аумақ үшін 460 000 литр су қажет болған. Мұз құю жұмыстары бір аптадан соң аяқталады. Ал 2017 жылдың 30 қыркүйегінде сарай жаппай сырғанау әуесқойлары үшін есігін айқара ашады.

Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар мен студенттер және зейнеткерлер үшін кіру бағасы кез келген сеансқа 500 теңгеге дейін арзандатылған. Бұдан бөлек 7 жасқа дейінгі балаларға, көпбалалы отбасы балаларына, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, I және II топтағы мүгедектер үшін кіру тегін.

Жаппай сырғанау алты күндік режимде өтеді: жұмыс күндері үш сағаттық бір сеанс 19:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күні – 5 сеанс жоспарланған. Дүйсенбі – техникалық күн.

Айта кету керек, жылдан-жылға «Алау» мұз сарайында жаппай сырғанау танымалдылығы артып келеді. 2016-2017 жыл маусымы кезінде жаппай сырғанауға 160 000 адам келген. Бұл жоба жүзеге асырылғаннан бері ең жоғары көрсеткіш болып табылады.  

Ақпарат http://astana.gov.kz сайтынан алынды.

Cеріктестер

Привет!

Я - Алаулик, талисман Ледового дворца!
Если хочешь получать на почту информацию о скидках, специальных акциях и турнирах в «Алау», заполни поля, расположенные ниже.
Обещаю присылать только полезную информацию!

Нажимая «Отправить», вы соглашаетесь получать на свой электронный адрес рассылку ЛД «Алау»

Отправка