+7 (7172) 706-722, 706-802

Жаңалықтар

Жеңіске жету үшін 1200 шақырымды артта қалдырды

08.09.2017

2017 жылғы 7 қыркүйек күні Астана қаласы «Алау» мұз айдыны сарайында «Самрук-Қазына» АҚ компания топтары арасындағы Спартакиаданың суперфиналының шағын футбол және волейбол бойынша жарыстары өтуде. Осы орайда «Алматы электр станциялары» АҚ шағын футболдан құрама команда капитаны Суанбеков Рустамнан сұхбат алған едік.

     - Рустам, қайырлы күн! Көңіл-күйіңіз қалай?

     - Керемет жарыста көңіл-күйіміз де өте керемет! Бүгінгі спартакиадаға қатысушылар өте жоғары дайындықпен келген. Жарыс жақсы ұйымдастырылған, жағымды әсер алдық.

     - Бүгінгі ойын көрсетіп жатқан командаңыздың нәтижелері қандай?

     - Жалпы осы ойынға келмес бұрын біз аймақтық іріктеу турнирінен өткен болатынбыз. Финалға тек үздіктер ғана шығатындықтан мұнда келер кезде де үлкен дайындықпен келдік. Біздің ойынымыз өз ойымыздан шығып жатыр, дегенмен де бәсекелестеріміздің де мықтылығын мойындаймыз.

     - Қай команданы жеңіске лайық деп есептейсіз?

     - Негізі, бүгінгі финалға дейін ойын көрсеткен барлық командалар іріктеу кезеңінде үлкен күш салды. Ойыншылардың қырағылығы, ептілігі және жылдамдығы сынға түсетіндіктен бүгінгі командалар ішінде «Қазақтелеком» командасын мықты деп атай аламын. Дайындықтары да, шеберліктері де жоғары деңгейдегі үздіктер қатарына жатқызуға лайықты деп санаймын.

     - Былтырғы спартакиада ойындарына қатыстыңыз ба?

     - Иә, спартакиада ойындары ұйымдастырылғалы бері биыл командамызбен бесінші рет қатысып тұрмыз. Әр жолы спартакиаданың ұйымдастырылу деңгейі барлық жағынан жоғары. Алдыңғы ойындарда нәтижелеріміз де жаман болған жоқ. Жүлделі орындарды иелендік. Осындай жарыстарды ұйымдастырып, керемет әсер сыйлағаны үшін «Самурык-Қазына» АҚ мен «Алау» мұз айдыны сарайына көп рахмет! Ойын залы да, инфрақұрылымы да ерекше. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Cеріктестер

Привет!

Я - Алаулик, талисман Ледового дворца!
Если хочешь получать на почту информацию о скидках, специальных акциях и турнирах в «Алау», заполни поля, расположенные ниже.
Обещаю присылать только полезную информацию!

Нажимая «Отправить», вы соглашаетесь получать на свой электронный адрес рассылку ЛД «Алау»

Отправка