+7 (7172) 706-722, 706-802

Жаңалықтар

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Ресейлік жаттықтырушыдан тәлім алуда

09.08.2017

Еліміздің астанасы, бас қаласы әртүрлі спорттық ұйымдар мен орталықтардың ордасы. Бүгінгі күнде спорттық кешендердің көшін бастап тұрған бірегей ғимарат – «Алау» мұз айдыны сарайы. Ресейден арнайы шақырылған жаттықтырушы Маркова Ольга Дмитриевна өзінің жаттықтыру жұмысындағы әсерімен бөлісті

- Қайырлы күн, Ольга Дмитриевна! Бұл Астанаға бірінші рет келуіңіз бе, әлде бұрын-соңды келген бе едіңіз? Қала Сізге ұнады ма, қай жерлерге барып үлгердіңіз?

- Бұл менің Астанаға төртінші рет келуім, бірақ біз Александра (ред.: Александра Брежнева - Астана қаласының № 2 СБЖСМ мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші) екеуміз осымен бесінші жыл серіктес болып жұмыс жасап жатырмыз. Қызым екеуіміз келген сайын, Астана- кеткіміз келмей қимай қоштасатын сүйікті қалам. Қаланың көрікті жерлері мен көңілді ойын-сауық орталықтарының барлығынан қалмауға тырысамыз. Сол жақ жағалауға көзіміз үйренгендіктен, сол жақта тұрып жатырмыз. Астана көз алдымызда өсіп келе жатқаны бізді қатты қуантады.  

- Демек осы кезге дейін Александраның шақыруы бойынша келген болып тұрсыз ғой?

- Иә

- «Алауға» да бірінші рет келуіңіз бе?

- Иә, «Алауға» бірінші рет келуім, бұрын келген кезімде менің білуімше «Алауда» мұз ерітіліп жатқандықтан, басқа жерлерде жаттықтыруға тура келді.

- «Алау» Сізге ұнады ма?

- «Алауда» өте керемет екен, мұнда база өте жақсы...

- Керемет! Рахмет! Жалпы оқушылардың  мәнерлеп сырғанау секциясына қабылдауда қандай да бір ережелері бар ма? Мысалы, дене-мүшелерінің ерекшелігі ме, болмаса бойдың ұзындығы маңызды қызмет атқара ма?

- Міндетті түрде дене-бітіміне назар аударамыз, сонымен бірге арнайы дайындалған тестілеуден өткізіп іріктейміз. Негізі біздің Ресейдегі командаларға іріктеу шарттары өті қатал түрде жүргізіледі, ал тек денсаулыққа пайдасы үшін айналысқысы келетін оқушыларға ақылы түрде коньки секциялары жұмыс істейді. Осы секциялар арқылы оқушылар өздерінің спортқа деген қабілеттерін дамытып, спорттан рахат алып қана қоймай, әрі қарай балаларға арналған театрларға ауысуына мүмкіндік бар. Іріктеу талаптарының қатал болуының бірден-бір себебі коньки спортының дамуы және қатысуға ниет білдірушілер санының артуы.        

- Мәнерлеп сырғанаушы спортының шеберінің бойында қандай мінез болу керек?

- Баланың бойында әртүрлі қасиет болуы мүмкін, біз олардың арасында көзге ерекше түсетін, көзінде жалыны бар баланы таңдаймыз.

- Демек, мінезге де дене пішініне де қарайсыз ғой?

- Міндетті түрде, сырт-келбетіне де, ішкі жан дүниесіне де үңілеміз.

- Сіз үшін жаттықтырушы болудың маңызы қандай?

- Жаттықтырушы болу... Мен үшін бұл менің барлық өмірім. Менің өзгеге бұл өнерді үйрете  алуым менің қолымнан дәл осы істің келетінінің айғағы...

- Өзіңізге қандай жаттықтырушы ретінде баға берер едіңіз?

- Мен өзімді жан-жақты жаттықтырушы ретінде есептеймін, сондықтан да шәкірттерім мені жақсы көреді. 

- Сіз балалармен қоса ересектерді де жаттықтырасыз ба?

- Иә, мендегі шынығып жатқан оқушыларымның ішінде бүлдіршін кезден емес, жасөспірім кезден де келіп, шынығуды бастап қазіргі уақытта спорт шебері деңгейіне дейін жеткендері де бар.

- Сіз бірнеше күннен бастап Астана қаласының № 2СБЖСМ  шәкірттерімен жұмыс жасап жатырсыз. Олар жайлы не айта аласыз? Мүмкін арасында көзге түскендерін атап өтерсіз?

- Әрине, балалардың ешқайсысын бөліп жарғым келмейді, себебі мен олардың бәрін жақсы көремін. Бірі тырысып тапсырманың баршасын орындаса, бірі кейде жалқаулық танытып жатады. Бірақ бәрі де бір нәрсе үйренсем, көрсем деп жүрген талапты балалар деп есептеймін. Ең бастысы балалардың бойында еңбексүйгіштік, табандылық, спортқа деген ерекше ықыластары кқрініп тұр.

- «Алауға» және біздің спортшыларымызға қандай тілектеріңіз бар?

- Жас спортшыларға тілерім - талмай еңбек етіп, жұмыстан тек қана жақсы энергия алу. Сол кезде ғана нәтижесі көрінеді. Әдеттегідей әр түрлі сылтау айтып,  жұмыстан қашқақтасаң ешқашан ешқандай нәтиже жетпейсің. Сондықтан да тек қана еңбек, қажымас қайрат, ал ата-аналарға сабыр тілеймін, себебі отбасында спортшыны тәрбиелеу оңай емес. Кім психологиялық тұрғыда мықты болса, сол әрдайым жеңіс тұғырынан көрінеді.

- Сұхбатыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше!

- Сізге де рахмет! Сау болыңыз!

Екатерина ДРЕМЛЮКОВА

Мәтінді қазақ тіліне аударған Жұлдыз СОЛТАНШАРІП


Cеріктестер

Привет!

Я - Алаулик, талисман Ледового дворца!
Если хочешь получать на почту информацию о скидках, специальных акциях и турнирах в «Алау», заполни поля, расположенные ниже.
Обещаю присылать только полезную информацию!

Нажимая «Отправить», вы соглашаетесь получать на свой электронный адрес рассылку ЛД «Алау»

Отправка