+7 (7172) 706-722, 706-802

Жаңалықтар

«Алауда» Көктемгі марафон өтті

26.03.2017

18-26 наурыз аралығында «Алау» мұз айдыны сарайында «Көктемгі марофон» атты жапай сырғанумен қатар, «Ұлыстың ұлы күні» Наурыз мейрамы ерекше тойланды.

Наурыз айы мерекелерге толы керемет ай. Жаңару мен жастықтың, түлеу мен түгенделудің, татулық пен береке – бірліктің, достық пен сыйластықтың, махаббат пен әдеміліктің айы. Сонымен қатар жыл басы –наурыздың қазақ үшін орны бөлек. Ұлыстың ұлы күнін «Алау» мұз айдыны сарайы жылда өзінше ерекше атап өтеді, ақпан бітісімен-ақ наурыздағы төл мерекеміздің дайындығына қызу кірісеміз. Әжелеріміз «Ұзынсарыға» арнайы сақтайтын сүбелері мен сүрілері сияқты біздің де наурызға дайындаған ерекше  той-думан, ойын-сауық, мерекелік іс-шараларымыз өте көп болды. 

Наурыздың 17-сі күні  қазақтың күмбірлеген күй , әуелеген әнімен кешкі 19:00-де мерекеге арналған іс-шаралардың ашылу салтанаты болды. «Шалқар» радиосының тілшілері мен  Н.Ә. Назарбаев мектебінің ұстаздары бастап, ММ орталығы шәкірттері қостап, оған арқасы бар көрермендер қосылып дүбірлі тойды бастап та кеттік. 

Ал 19-наурыз күні Ұлы мерекені ұлықтау, ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында  «асық ату» ойынынан жарыс өткізілді. Ойынға жалпы саны 35-ке жуық адам қатысты. Оның ішінде Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрынының актерлері мен әуесқой сырғанушылар және Асық ату федерациясының ұжымы керемет ойын көрсетіп,  ұлттық ойынды насихаттауда  ерекше үлгі болды. Осы кеште бізге демеуші болып, қолдау көрсеткен:  қазақтың ешкімге ұқсамас төл мұрасы, ұлттық  бұйымдарын  елімізбен қатар алыс жақын шет елдерге де насихаттап,  дәстүрден танбай, қолөнердiң қадiрiн арттырып, заманауи технология тiлiмен үндестiрiп жүрген, ине мен жiптi жанына серiк еткен, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының  лауреаты, Қазақтың ең үздік тауары  бәйгесінің  5 дүркін жеңімпазы,  «Мінсіз сапа» иегері «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы  «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада  ханымға айтар алғысымыз ерекше!

Бұнымен тоқталып қалмадық, белгіленген жоспар бойынша жаппай сырағанау сеанстары өткізілген сайын әуесқой сырғанаушылар мен келген қонақтарға наурызнама сыйлықтары беріліп,  ерекше ойындар ойнатылды.

Самарханнаң көк тасы жібіп, жер мен көктің арасы бусанып, күн мен түн теңелген Ұлыстың Ұлы Күні 22-наурыз мерекесінде «Алау» мұз айдыны сарайында да ошақ көтеріліп, қазан асылды. Дастарқанды жайнатып, самауырды қайнатып сырғанауға келген әрбір жанды ерекше көңіл күймен қарсы алды. Мерекеге арнайы тігілген киіз үйге бас сұғып, дәм татушылар қазақтың салт-дәстүрінің небір түріне қанық болды. Ұлтық, ойын, салт-дәстүр насихатталған жер – береке мен мерекеге бөленіп-ақ  тұрды. Енді ғана өмір атты айдынға қадам басқан сәбилердің тұсауын кесіп, алдындағы аға буынның ақ жолын тілеп, үлкендерден бата алып, асқа шақырдық. 

Мейрам 10 күн бойы ерекше аталып өтті. Жастың да, жасамыстың да ақ батасын алаған «Алау» мұз айдыны сарайы Әз-наурызды өзінше ерекше тойлап, басқаға үлгі көрсетті деп ойлаймыз. «Басқа тойды тойламасаң, тойлама», – дегендей-ақ Наурызды дүбірлетіп  тойламау  қазақтығымызға сын болар. Сондықтан да «Қазақтың қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамын» ерекше атап өту әркімнің басты міндеті деп білеміз.

Келіп жеткен Ұлы мейрам баршаңызға бақыт сыйласын, Ел аман. Жұрт тыныш болғай!

Құндыз Оралжан

Естелік суреттер осында: http://gallery.alau.info

Cеріктестер

Привет!

Я - Алаулик, талисман Ледового дворца!
Если хочешь получать на почту информацию о скидках, специальных акциях и турнирах в «Алау», заполни поля, расположенные ниже.
Обещаю присылать только полезную информацию!

Нажимая «Отправить», вы соглашаетесь получать на свой электронный адрес рассылку ЛД «Алау»

Отправка