+7 (7172) 706-722, 706-802

Жаңалықтар

«Алау» айдыны әрқашан ашық

11.04.2017

Астанада спорт апталығының аясында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев, «Алау» мұз айдыны сарайының директоры Сауырбай Есжанов және Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаеваның қатысуымен баспасөз мәжілісі ұйымдастырылды

Қатысушылар «Алау» мұз айдыны сарайын мысалға келтіре отырып, бұқаралық спортты дамытудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылып келе жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Соңғы алты жылда «Алау» сарайына 600 мыңға жуық адам келген. Орталықта қысқы Азия ойындары, Әлем кубогының төрт кезеңі аясында конькимен жарыс, спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты, дзюдо бойынша әлем чемпионаты, халықаралық турнирлер және мұз айдындағы шоу өткізілді.

Орталық басшысы Са­уыр­бай Есжановтың айтуынша, жеті жасқа дейінгі балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен көп балалы отбасынан шыққан балалар және бірінші, екінші топтағы мүгедектерге кіру – тегін. Ал зейнеткерлерге, студенттерге, сондай-ақ, үшінші топтағы мүгедектерге елу пайыз жеңілдік қарастырылған.

– Биыл билеттердің құнын 500 теңгеге төмендеттік. Соның есебінен келушілердің қатары көбейді. Нақты деректерге сүйенсек, кешенге Есіл ауданынан – 67 пайыз, Сарыарқа ауданынан 21 па­йыз тұрғын келеді екен. Ал қалғаны Алматы ауданы тұрғындарының үлесіне келеді.Жиыннан кейін №2 балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшылары конькимен сырғанау бо­йынша жаттығулар өткізді.

Гүлдана Талғатқызы

Декек көзі: www.astana-akshamy.kz

Cеріктестер

Привет!

Я - Алаулик, талисман Ледового дворца!
Если хочешь получать на почту информацию о скидках, специальных акциях и турнирах в «Алау», заполни поля, расположенные ниже.
Обещаю присылать только полезную информацию!

Нажимая «Отправить», вы соглашаетесь получать на свой электронный адрес рассылку ЛД «Алау»

Отправка