Салем! Менің атым Алаулик!
Жақсы уақыт өткізу үшін
Алауға келіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Назарларыңызға!

Құрметті келушілер! 2018 жылдың 3-4 ақпан күндері мұздағы спидвей бойынша Әлем чемпионатының өтуіне байланысты, 15 қаңтардан бастап жаппай сырғанау жобасы өз қызметін тоқтатады. Жаппай сырғанау 2018 жылдың 13 ақпанынан бастап жалғасады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында және "Меломан" кассаларында сатылады. "Алау" мұз айдыны сарайында билеттер жарыстарды өткізу күнінде ғана сатылады.

Ильдар Тойбергенович Садыков
Басшылығы

24 қараша, 2017 Жылдың соңы – қорытынды жасау уақыты

Жылдың соңы – қорытынды жасау уақыты. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті «Хабар» агенттігімен бірге «2017 жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауын өткізбекші.  Жүлде жылдың үздік спортшысы, жылдың үздік жаттықтырушысы, жылдың үздік командасы, жылдың үздік спорттық аймағы және басқа түрлі категорияларды қамтиды.

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Үздік спорттық аймақ» номинациясында сынға түсіп жатыр.  Мекеме қала тұрғындарының арасында спорттық өмір салтын көпшілікке тарату және ұлттық спорт түрлерін дамытуында белсенді қатысады.

2017 жылғы 28 қарашасына дейін өтетін дауыс беру рәсіміне қатысып Астаналық басқармаға қолдау жаса.

Дауыс беруге арналған сілтеме: olympic.kz/

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз