Салем! Менің атым Алаулик!
Жақсы уақыт өткізу үшін
Алауға келіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Назарларыңызға!

Құрметті келушілер! 2018 жылдың 3-4 ақпан күндері мұздағы спидвей бойынша Әлем чемпионатының өтуіне байланысты, 15 қаңтардан бастап жаппай сырғанау жобасы өз қызметін тоқтатады. Жаппай сырғанау 2018 жылдың 13 ақпанынан бастап жалғасады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында және "Меломан" кассаларында сатылады. "Алау" мұз айдыны сарайында билеттер жарыстарды өткізу күнінде ғана сатылады.

Ильдар Тойбергенович Садыков
Басшылығы

03 қараша, 2017 Астанада ХХІІІ Олимпиада ойындарына 100 күн қалуын атап өтті

Елордада ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Астана қаласының әкімідігінің ұйымдастыруымен ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалуын атап өтуге арналған шара өтті деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы.

Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай «Алау» мұз сарайында танымал спортшылардың, спорт сүйер қауымның қатысуымен жаппай сырғанау өткен болатын.

Шара барысында жазғы спорт түрерінен олимпиадашы спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан үмітті Қазақстан құрама командасының мүшелеріне сәттілік тіледі. Тілекшілердің қатарында Елдос Сметов, Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов, Василий Левит, Гузель Манюрова, Арман Чилманов бар. Олар жанкүйерлермен бірге мұз айдынында конькимен сырғанады.

Мұз айдынында, сондай-ақ, конькимен жүгіру спортынан Қазақстан құрамасының мүшелері шеберлік сабағын өткізді.

«Олимпиада ойындары кез келген спортшының өміріндегі ең басты жарыс. Сондықтан әр спортшы сол ойындарға ерекше дайындалады. Қазіргі біздің басты мақсатымыз Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтіп, жолдама алу болып табылады. Ал ойындарда жақсы нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерімізді салатын боламы» - деді Қазақстан құрамасының белді мүшесі Денис Кузин.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9-25 ақпаны аралығында өтпек.

Ақпарат http://astana.gov.kz сайтынан алынды

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз