Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

15 наурыз 2018 Эльмира Аджибаеваның алтын медаль жеңісі

3 және 4 наурыз күндері аралығында Мәскеу қаласындағы «Крылатское» спорт кешенінде оныншы Халықаралық конькимен жүгіру спортының ардагерлер арасындағы спринтерлік көпсайысы өтті.

«Крылатское» спорт кешенінің тарихындағы алғашқы ардагерлер сайысына қатысқан Германия, Голландия, Италия, Қазақстан, Норвегия, Ресей, Швейцария, Швеция, Финляндия және Жапония спортшылары.

Қазақстан өкілдерінің бірі болған Эльмира Аджибаева, «Алау» мұзайдыны сарайының халықаралық, өңірлік ынтымақтастық және жарыстар ұйымдастыру бөлімінің бастығы. Өзінің 30+ жас санатында, Эльмира Аджибаева I-ші орын жүлдегері болып, алтын медальмен марапатталды. 

Эльмира ханымның айтуы бойынша, ол өзін ұзын қашықтықтардан көрі қысқа қашықтыққа жүгіруде сенімдірек сезеді. Сондықтанда сол жарыс күндері оған оңай түспеді. Ескере отыратын жайт, дүниеге сәби алып келгеннен кейін Эльмира ханым шамамен төрт жыл бойы кәсіби жаттығуларға қатыспаған. Алайда, жарыстағы өзінен 20, тіпті 30 жас үлкен спортышалрдың жеңіске деген ұмтылысын көріп, ол өзінің жігері мен күш-қайратын жинап жеңіске ұмтылды. Жарыстын ең үлкен қатысушысы болған 91 жастағы Жапония өкілі.

Айта кету керек, 45+ санатындағы ІІІ орын иегері болып «№2 БЖСМ»  КММ  конькимен жүгіру спорты бойынша бөлімінің аға жаттықтырышусы Татьяна Михайлова атанды. 

«Алау» мұзайдыны сарайы әкімшілігі жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық пен болашақта биіктерден көріне беруге тілектес.

Сілтеме арқылы басқа фотосуреттермен таныса аласыз: http://imssur.ru/ISG2018/foto/ 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу