Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

21 ақпан 2018 Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Пхенчхандағы Олимпиада-2018 ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, үздік 24 спортшының қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тұрсынбаева 57,95 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұр.

Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова небәрі 44.40 ұпай жинап, үздіктер қатарына ене алмады.

Айта кетейік, 18 жастағы екі қазақстандық спортшы қыз да Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсетіп жатыр.

Еске салайық, 2017 жылы сәуірде Тұрсынбаева әлем чемпионатында тоғызыншы орынды иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алды.

Ақпарат https://baq.kz сайтынан алынды

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу