Салем! Менің атым Алаулик!
Жақсы уақыт өткізу үшін
Алауға келіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Назарларыңызға!

Құрметті келушілер! 2018 жылдың 3-4 ақпан күндері мұздағы спидвей бойынша Әлем чемпионатының өтуіне байланысты, 15 қаңтардан бастап жаппай сырғанау жобасы өз қызметін тоқтатады. Жаппай сырғанау 2018 жылдың 13 ақпанынан бастап жалғасады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында және "Меломан" кассаларында сатылады. "Алау" мұз айдыны сарайында билеттер жарыстарды өткізу күнінде ғана сатылады.

Ильдар Тойбергенович Садыков
Басшылығы

Ереже

Астана қаласы әкімдігінің «Алау» Мұзайдыны сарайы»

МКҚК директорының бұйрығымен бекітілген

№ 03-05/79 «21» қараша 2016 жыл

 

«Алау» Мұзайдыны сарайына спортшылардың, жанкүйерлердің, жаппай сырғанауға келушілерінің және басқа азаматтардың келу ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

«Алау» - қазіргі заманға сай жабдықтармен жабдықталған «шапшаң мұз» жасауға мүмкіндік беретін әлем деңгейіндегі мұзайдыны сарайы. Бірегей сәулетінің және орналасқан жерінің арқасында, «Алау» астананың көрікті жерлерінің бірі және спорт қақпасы болып табылады.

«Алау» чемпиондық мұзындағы жаппай сырғанау – бұл расында да бірегей ұсыныс. Тіпті кәсіби спортшылардың жаттығуы үшін ұқсас жағдайлар әлемнің барлық елдерінде бола бермес. Біз «Алау» мұзайдынында барынша жайлы және денсаулыққа пайдалы уақыт өткізу үшін спортшылар мен қонақтар үшін жайлы жағдай жасаймыз.

1. Мұзайдыны сарайы территориясына кіру, Мұзайдыны сарайының әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Кесте бойынша ақпаратты www.alau.info сайтынан және 706-722 телефон нөмірі бойынша біле аласыз.

2. Мұзайдыны сарайы территориясына кіру Мұзайдыны сарайы кассаларында алынатын кіру билеттері арқылы жүзеге асырылады.  Оқушылар, студенттер, III топ мүгедектері , зейнекерлер (тиісті құжаттың ұсынуымен) билетті жеңілдікті бағамен ала алады.7 жасқа дейінгі балаларға,I және II топ мүгедектерге,балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, кәмелетке толмаған көп балалы отбасы балаларына (тиісті құжаттың ұсынуымен) алаңға тегін кіру ұсынылады. Балалардың ата-аналарына өз кіру билетінің толық бағасын төлеу қажет.

3. 12 жасқа дейінгі балалар Мұзайдыны сарайы территориясының жаппай сырғанау жобасына  тек ересек адамның алып жүруімен ғана кіргізіледі.  Сонымен бірге,  алып жүруші тұлға жаппай сырғанауға қатысса да немесе келушілерге арналған орында күтсе де  кіру билетін міндетті түрде алуы қажет.

4. Жаппай сырғанау сеансының басталуына дейін 10 минут қалғанда көрсетілген кестеге сәйкес  кіруге болады.

5. Мұзайдыны сарайында жаппай сырғанау, спортшылардың оқу-жаттықтыру сабақтарын өткізуіне байланысты, үш мұз алаңдарында жүзеге асырылады: конькимен жүгіру жолы және 2 хоккей корты.

6. «Алау» Мұзайдыны сарайына  келген тұлғалар, ҚҰҚЫЛЫ:

- төленген уақыт шегінде мұз алаңдарында болу;

- өзіңмен коньки әкеліп тебу, немесе прокатқа беру орнында коньки алу;

- арнайы тағайындалған орындарда тамақтануға және ішімдіктерді ішуге ( спиртті ішімдіктерден басқалары) болады;

- қажетті ақпаратты алу үшін жаппай сырғанаудың қызметкерлеріне жүгіну;

- мұзайдыны сарайының медициналық пункінде қажетті  жедел медициналық көмек алу;

- арнайы белгіленген орындарда трибуналарда болу;

- барлық бағалы заттарды алдын ала шығарып, гардеробқа сырт киімді тапсыру, (әкімшілік жоғалған бағалы заттар, құжаттар және ақшаға жауап бермейді). Сырт киімді гардеробқа  тапсырғаннан кейін келуші жеке нөмір алады. Өз сырт киімін қайта алу үшін жеке нөмерін ұсынылғаннан кейін беріледі. 

- ұсақ киімдерді және заттарды сақтау камерасының ұяшықтарында, ал ірігабаритті киімдерді және заттарды тек арнайы тағайындалған орындарға тапсыру. Ұсақ киімдерді және заттарды сақтау камерасының ұяшықтарына тапсырғанда келуші нөмірі бар кілт алады, ал үлкен заттарды тапсырғанда – жетон алады. Өз киімдерін қайта алу үшін нөмірі бар кілтті немесе жетонды тапсырғаннан кейін ала алады.

- әкімшілік келушіге киімді кілтті (жетон) тапқанға дейін қайтармауға немесе соңғы келушінің кетуінен кейін беруге құқылы;

7. «Алау» Мұзайдыны сарайына келген тұлғалардың МІНДЕТТЕРІ:

- мұзайдыны сарайының келу ережелерін сақтау;

- мүлікке ұқыпты қарау ( спорттық құрал-саймандар, жабдықтар және т.б.)

- ұмытылып кеткен және/немесе жоғалған мүлікті тапқан жағдайда (киім, ақша және басқа заттар), жеке меншігі болмаған заттарды Мұзайдыны сарайының қызметкеріне қалдыру;

- өртті немесе жануды, азаматтар үшін қауіпті болатын күдікті заттарды тапқан жағдайда, тез арада 102 телефон нөміріне хабарласу, сондай-ақ әкімшіліктің өкіліне, күзет қызметіне немесе «Алау» МС құқықтық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойыша жауапты тұлғаларға хабарласып және нұсқаулыққа сәйкес әрекет жасау.

- Мұзайдыны сарайына келген кезде, эвакуация жоспарына сәйкес өз орналасқан жерін анықтау, апаттық шығар есіктерге апаратын қысқа жолын анықтау, өрт (апат) туралы жарияланғаннан кейін эвакуация сызбасына және Мұзайдыны сарайының қызметкерінің нұсқаулықтарына сәйкес әрекет жасау;

- мұз алаңында, күту орындарында және тамақтануға арналған арнайы тағайындалған орындарда тазалық пен тәртіп сақтау;

- конькимен (қапсыз) тек арнайы белгіленген жолдарда және алаңдарда   жүру;

- мұзда тек сағат тіліміне қарсы тебу;

- мұз жабынын бұзатын және айналадағы адамдар үшін қауіп-қатер тудыратын, жарақат алып соқтыруына әкелетін әрекеттерді (адамдар жиналған жерлерде шұғыл үдеулер, жоғары жылдамдықтағы қауіпті жақындаулар, мұзды бұзатын шұғыл бұрылыстар, кенет тоқталу және т.б. ) болдырмау;

- кәмелетке толмаған тұлғалар және жаппай сырғанауға олармен бірге келгендер, айтылған тұлғаларды қараусыз қалдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету;

- жаппай сырғанауға келген басқа қатысушыларға, спортшыларға, келушілерге, жанкүйерлерге,  қызмет көрсететін қызметкерлерге, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау бойынша жауапты тұлғаларға құрметпен қарау;

- киім ауыстыру және конькиді тек арнайы тағайындалған орындарда кию ( мұз алаңында және прокат аймағындағы киім өлшейтін орында);

- сырт киімді және аяқ киімді қараусыз қалдырмау, киімдерді гардеробқа тапсыру;

- жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, мұз жабынын келесі сеансқа дайындалу керектігіне байланысты, сеанстың аяқталуына дейін 10 минут қалған кезде мұзды аренадан шығу.

8. Мұзайдыны сарайына келген тұлғаларға, ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

- өртке қауіпті, жарылғыш, пиротехникалық бұйымдарды, улы, иісті заттарды, спирт ішімдіктерді, жарақтың кез келген түрін, шынышқылы және тілгіш заттарды, психотроптық заттарды әкелуге және қолдануға;

- өзіңмен бірге азық-түлік және ішімдіктерді әкелу;( соның ішінде спирттік);

- Мұзайдыны сарайы территориясында болған уақытта темекі, кальян және басқа темекі бұйымдарын шегу және спирт ішімдіктерінің барлық түрлерін ішуге тыйым салынады;

- мұзды құю уақытында мұз алаңында болу;

- мұзда тамақтануға және ішімдіктерді ішуге;

- мұзға қоқысты  немесе басқа заттарды тастау, сондай-ақ мұзға  конькисіз шығу;

- дәретханаға конькимен бару;

- мұз алаңындағы үрлемелі борттарында отыруға, асылуға, соққы немесе басқа тәсілдермен бұзушылық жасау;

- хоккей кортының жанында хоккеистер дем алуға арналған орындарда отыру;

- мұзды алаңда - белгіленген бағытқа қарсы сырғанау жолымен, секіру, айналадағы тұлғаларға зиян және зақым келтіретін  жаппай сырғанауға арналмаған заттармен қолдану, 2 метр аумағында болатын айналадығы адамдарға  зиян және зақым келтіретін мәнерлеп сырғанаудың элементтерін (айналу элементтері, секіру элементтері) орындау, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіп тудыратын басқа әрекеттерді жасауға тыйым салынады;

- мұзайдыны сарайы территориясына жануарлармен келуге;

- кәсіби және/немесе басқа оқу-жаттықтыру үдерістерін ұйымдастыру;

- билет бағаларын арттырып оларды қайта сатумен айналысу, сондай-ақ Алау МС территориясында белгіленген ережелерді және нормативтік талаптарды бұзатын  билеттерді алмастыратын құжаттарды,   кәдесыйларды немесе басқа да заттарды сатуға болммайды;

- Алау МС территориясында және ашық автотұрағында автокөлік немесе басқа көлік құралдарымен белгіленген жүру жылдамдығын және жол белгілерін бұзуымен кіруге және жіруге болмайды;

9. Мұзайдыны сарайының әкімшілігі «Алау» Мұзайдыны сарайына келген барлық санаттағы тұлғалардың кесірінен пайда болған қауіпті жағдайлар үшін , үшінші тұлғаның денсаулығына зиян және зақым келтірген келушілері үшін жауап бермейді;

10. Мұзайдыны сарайының әкімшілігі, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, осы Ережелерді бұзатын тұлғаларды мұзайдыны сарайы территориясынан, алынған билет үшін ақшалай қаражатын қайтармауынсыз шығарып салуға құқылы;

11.  Мұзайдыны сарайының сайтында, негізгі кіру есіктерінде және билет кассаларында бар болған ақпараттың есебімен, орнатылған Ережелер бұзылатын болса,  осы Ережелерді білмегені жөнінде шағымдар қабылданылмайды.

12. Мұзайдыны сарайының әкімшілігі  Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, мұзайдыны сарайының мүлігіне зиян келтірген жағдайда кінәлі тұлғалардан залалды өтеу құқылы;

 

                                 ДЕМАЛЫСТАРЫҢЫЗ СӘТТІ ӨТСІН! 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз